Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың «Жауынгерлік жағдайда билігін асыра пайдалану» бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Әскери департаменттің бұрынғы бастығының ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы брифингте Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.
56 жастағы Бектанов 20 ақпанда ұсталды. Ол қазір уақытша тергеу изоляторында.
Бұған дейін ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты тергеу аяқталып, олардың істері Астана қаласының қылмыстық сотына жіберілгенін хабарлағанбыз.
Қаңтар оқиғасын тергеу нәтижесінде құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтің 29 қызметкері күдікті деп танылды.