Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының әкесі Мақсат Мухитденов қайтыс болды. Қайғылы хабарды тележүргізуші Динара Сәтжан Instagram парақшасында жазды.
Бүгін құрбым Баян әкесінен айырылып қалды. Иманды болсын. Адам үшін ең үлкен қайғы,
деп жазды Динара Сәтжан.
Оған қоса хабарды KeshYou тобының директоры Назым Басқынбаева да жеткізді. Ол туыстарына көңіл айту хатын жазып, марқұмның «зиялылықтың символы» болғанын атап өтті.
Асыл ер, абыройлы азамат, аяулы жар, ардақты әке, қазақ мәдениеті мен руханиятының жанашыры Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов өмірден озды. Қашан да жүзі жылы, сабырлы, ақылы мен тәжірибесін ортаға салып, бағыт-бағдар нұсқауға дайын, зиялылықтың символындай болған керемет жан еді… Қабырғамызды қайыстырған қаралы хабар оның айрандай ұйып отырған отбасына ауыр соққы болып тиді. Аса қадірлі Гүлжамал Айдарқызына, Бәтес, Баян және Бағым ханымдарға, олардың өмірлік жарлары Марат, Тұрсынғали, Әділжан мырзаларға, немерелері Айдар, Ақбота, Айсәуле, Айару, Арланға, шөберелеріне қайғырып, көңіл айтамыз. Мақсат ағамыздың иманы саламат болып, жаны жаннаттан жай тапсын!
деп жазды Назым Басқынбаева.