Жанармай бағасы өссе, азық-түлік бағасына әсер ете ме?
Бензин (АИ-92 және АИ-93) бүкіл ел бойынша 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін, яғни 11% — ға бірден өседі.
Дизель (ауыл шаруашылығы өндірушілерінен басқа барлық адамдар үшін) — 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін (+20%).
Автогаз (Алматыда, ШҚО, СҚО, сондай-ақ Алматы және Абай облыстарында) — 5-10 теңгеге көтеріледі (қазір бұл өңірлерде оның құны 60-тан 75 теңгеге дейін).
Жанар-жағармай бағасының өсімі белгілі бір деңгейде инфляцияға әсер етеді. Тікелей ықпалын алып қарасақ, 0,4 мөлшеріндегі дизель отыны мен АИ-92 бензинінің тұтыну үлесін ескере отырып, орта есеппен жан басына шаққанда, инфляцияға әсері шамамен 0,35% болады. Бұл — тікелей әсер.
Премьердің сөзінше, жанар-жағармай бағасы өсуінің инфляцияға жанама әсері де болады.
Дизель мен бензин өндірушілердің шығындарын ескерсек, инфляцияға белгілі бір мультипликативті әсер болады. Дегенмен Мемлекет басшысы бізге жыл соңына қарай инфляция деңгейін екі есеге төмендету міндетін қойып отыр. Сондықтан Үкімет инфляциялық процестерді тежеу бойынша жүйелі және жедел шаралар қабылдап жатыр,
деп атап өтті премьер-министр.
Инфляция қарқыны айтарлықтай баяулағаны байқалды.
Егер ақпан айында жылдық инфляция — 21,3% болса, наурызда көрсеткіш — 18,1% Бұл үрдіс одан әрі жалғасады, инфляциялық процестерді тежеуге бағытталған шаралар кешені іске аса береді.