Арзан көлік өндірушілері қытайлық автоөндіріс кешенімен бәсекелесе алмайды. Әлемдік автомобиль нарығының негізгі сегментінен америкалық, еуропалық брендтерді қытайлық электрлі көліктер ығыстыра бастады. Санның сапаға ауысатын мезгілі жеткендей.
BMW басшысы Еуроодақтың іштен жанатын қозғалтқышқа тыйым салуы баға соғысын өршітетінін ескертті. Арзан көлік сегментіндегі еуропалық өндірушілер BYD сияқты қытайлық брендтермен бәсекелесуі қиын болатынын Financial Times басылымы да жазды. Aikyn.kz беделді басылымға сілтеме жасап, Еуроодақ жоспарынан туындайтын арзан көлік өндірушілер үшін тәуекелдерді түсіндіреді.
Автомобиль нарығының негізгі сегменті не жойылады, не еуропалық өндірушілердің қолына түспейді.
Ол Қытайдың әлемдегі ең үлкен автомобиль нарығы екенін, соңғы 15 жылда бұл ел әлемдегі ірі электромобиль өнеркәсібін құрғанын және ішкі бәсекелестік күшейген сайын Еуропа нарығына шығуға күш салып жатқанын да айтқан. Бұл жерде BMW сияқты премиум автокөлік өндірушілері қытайлық өндірушілердің бәсекелестерінен жақсы қорғалғанын, олардың көпшілігі арзан автокөлік шығаратынын ұмытпаған жөн. Еуропа елдеріндегі бензинмен жүретін көліктерді қолдануға тыйым салына бастағанын мына видеодан көруге болады:
Мамандар Еуроодақ белгілеген мерзімдердің орындалуы мүмкін еместігін, яғни, 2026 жылға жоспарланған электр көліктері туралы Одақ заңнамасын қайта қарау туралы ескертуде.
Қытайда 300 000 юаньнан (41 310 доллар) төмен бағаланатын көліктер нарығында өте қатал бәсекелестік бар. Ал BMW брендтерінің көпшілігінің бағасы бұл сомадан жоғары екені белгілі. Қытайлық бәсекелестіктің күшеюінен зардап шеккен компаниялардың бірі – Volkswagen. Бұрын компания Қытайдағы ең көп сатылатын автокөлік деп саналса, биыл көшбасшылық жергілікті BYD компаниясына өткен.