Шетел басылымына шолу

Бензинмен жүретін көліктерге тыйым салынды

Арзан көлік өндірушілері қытайлық автоөндіріс кешенімен бәсекелесе алмайды. Әлемдік автомобиль нарығының негізгі сегментінен америкалық, еуропалық брендтерді қытайлық электрлі көліктер ығыстыра бастады. Санның сапаға ауысатын мезгілі жеткендей.

BMW басшысы Еуроодақтың іштен жанатын қозғалтқышқа тыйым салуы баға соғысын өршітетінін ескертті. Арзан көлік сегментіндегі еуропалық өндірушілер BYD сияқты қытайлық брендтермен бәсекелесуі қиын болатынын Financial Times басылымы да жазды. Aikyn.kz беделді басылымға сілтеме жасап, Еуроодақ жоспарынан туындайтын арзан көлік өндірушілер үшін тәуекелдерді түсіндіреді.

Автомобиль нарығының негізгі сегменті не жойылады, не еуропалық өндірушілердің қолына түспейді.

Ол Қытайдың әлемдегі ең үлкен автомобиль нарығы екенін, соңғы 15 жылда бұл ел әлемдегі ірі электромобиль өнеркәсібін құрғанын және ішкі бәсекелестік күшейген сайын Еуропа нарығына шығуға күш салып жатқанын да айтқан. Бұл жерде BMW сияқты премиум автокөлік өндірушілері қытайлық өндірушілердің бәсекелестерінен жақсы қорғалғанын, олардың көпшілігі арзан автокөлік шығаратынын ұмытпаған жөн. Еуропа елдеріндегі бензинмен жүретін көліктерді қолдануға тыйым салына бастағанын мына видеодан көруге болады:

Мамандар Еуроодақ белгілеген мерзімдердің орындалуы мүмкін еместігін, яғни, 2026 жылға жоспарланған электр көліктері туралы Одақ заңнамасын қайта қарау туралы ескертуде.

Қытайда 300 000 юаньнан (41 310 доллар) төмен бағаланатын көліктер нарығында өте қатал бәсекелестік бар. Ал  BMW брендтерінің көпшілігінің бағасы бұл сомадан жоғары екені белгілі. Қытайлық бәсекелестіктің күшеюінен зардап шеккен компаниялардың бірі – Volkswagen. Бұрын компания Қытайдағы ең көп сатылатын автокөлік деп саналса, биыл көшбасшылық жергілікті BYD компаниясына өткен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago