Белгілі мемлекет және қоғам қайреткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қайғылы хабарды «Қазақстан» ұлттық арнасы жеткізді.
Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында туған.
1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
- Еңбек жолын Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысынан бастады (1969-1971 жылдары);
- Әскери қызметін өткерді (1971-1973 жылдары).
- Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист (1977);
- ҚазКСР Қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары (1977-1988 жылдары);
- Жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары (1988-1993 жылдары);
- Президент Аппараты бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары (1993);
- Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі (1994-1995 жылдары) болды.
- Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті Аппаратының басшысы (1995);
- Қызылорда облысының әкімі (1995-1999 жылдары); Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (1999-2002 жылдары) қызметтерін атқарды;
- Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі — Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006);
- Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары — Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі (2006-2007);
- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі (2007 жылы ақпан — 27 тамыз).
- 2007 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
- 2009-2014 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
- 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
- 2015-2019 жылдары – Ақтөбе облысының әкімі.
- 2019 жылдың ақпан-тамыз айларында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
- 2019-2020 ж. ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
- 2020-2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі болды.
«Құрмет» (1999), «Парасат» (2007) ордендерімен, «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.