Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасын шектеу қаншалықты шынайы деген сұраққа пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Рустам Ахметов Жаңа жылға дейін азық-түлік бағасы қымбаттамайтынын айтты.
Премьер-Министр алға қойған міндет – жыл соңына дейін 20 пайыздан аспайды. Яғни, қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өсімі 19,6 пайыз шамасында. Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы күрт көтерілмеуі керек деген міндет қойды, қазір осы тапсырма пысықталып жатыр.
Рустам Ахметов бағаның өсуі бірқатар факторлармен, соның ішінде экономикалық келеңсіздіктермен және нарық субъектілерінің заңсыз әрекеттерімен байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұтынушылар азық-түлік бағасын заңсыз көтергендердің үстінен дәлел көрсете отырып, шағым түсіре алатынын айтып өтті.
Егер тұтынушының қолында бұл ақпарат болса, онда ол бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жүгіне алады,
деді Рустам Ахметов.