Қағазды қойшы, бұлар ұлттық рәмізді қорлап тұрған жоқ па?
Әлде, білім сапасынан балалардың көңілі қалғаны ма?
Елде білім сапасын жақсарту керек. Еліміздің болашағы осы.
Әлеуметтік желіде пайда болған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда бір топ оқушының қоқысқа аттестаттарын тастап жатқанын көруге болады. Бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.
- Енді қайтып алмаңдар! Қоқыс болды.
- Әй, ата-аналарың сіздер үшін ұялып отырған шығар. Қанша тер, қанша еңбекті зая кетірдіңдер.
- Бір ақымақтың ойына келген ақылсыз істі барша топастар қолдап отырсыңдар.
- Санасыздар, сол аттестатты қайтып көтеріп, сүмірейіп ары оқуға барасындар ғой. Кірер есігіңді қатты жаппа.
- Рәмізді қорлағаны үшін жауапқа тарту керек, — деп жазды желі қолушданылары.