Өнер адамдарының өмірін жіті бақылайтын жұрт Кәмшат Жолдыбаева мен жас актер Ғазірет Ержанов кездесіп жүр деп болжады.
Айта кету керек, осыдан біраз уақыт бұрын әнші мен актердің қала көшелерінің бірінде қол ұстасып жүргенін тыңдармандардың бірі видеоға түсіріп алған.
Кейін жұп тойда бой көрсеткен. Екеуінің билеп жүрген видеосы Instagram-да жарияланды.
«Бұған дейін Кәмшат пен Ғазреттің қол ұстасып жүрген видеосы тараған еді. Онымен қоса, көпшілік соңғы кездері Жолдыбаеваның жабық киініп, қылықтары өзгергенін байқады. Мұны Кәмшаттың өмірінде ер адамның пайда болуымен байланыстырды»,
деп жазады kznews.kz басылымы.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Кәмшаттың стилінде өзгеріс барын айтса, енді бір бөлігі жарасымды жұп екенін жазған.
«Махаббат не істетпейді? Бүкіл Қазақстан болып киіндіре алмап едік осы қызды, бір жігіт келіп киіндірді», «Мына жігіт жақсы болды-ау. Жабық киіндіріп», «Етек-жеңін жинатқан жігітке риза болдық», «Өте жарасымды жұп», «Бақытты болсын», «Әдемі жұп»,
деп жазған Желідегілер.
Айта кету керек, Ғазрет пен Кәмшат отандық «Рауза» телехикаясында бірге ойнаған және ашық сценаларға түскен. Актер әншіден 5 жасқа кіші.