Күні кеше әнші Мейрамбек Бесбаев өз радио толқынын ашып, дүркіретіп тұсаукесерін өткізгені туралы хабарлаған болатынбыз. Енді Aspan радиостанциясы 98.9 FM толқынында ән шырқайтын болады.
Бұл жаңалыққа көп қазақ қуанғанымен, сынға алған адамдар да табылды. Соның бірі қоғам қайраткері — Аятжан Ахметжан. Белсенді әлеуметтік желідегі парақшасында ашулы пост жазып, әншінің экс-министр Эльмира Суханбердиевамен бірлесіп кәсіп бастағанына наразылық білдірді.
Мына кісі қазақтың ең сүйікті әншілерінің бірімен бірігіп радио ашқан ба? Мейрамбек & Суханбердиева деген бірге жұмыс істеуін көзіме еш елестете алмайды екем…
Біреуі ең сүйікті, құрметтейтін әншім… Біреуі білім саласының түбіне жеткен, Астананың білім басқармасын, білім және ғылым министрлігін былықтырған, жемқорлық бабымен істі болып толық мойындап, ақша төлеп босап кеткен ең құрметсіз экс вице-министр…
От пен су қосыла ма ағайын? Бұндайдан сапалы дүние шыға ма?
деп жазды Аятжан Ахметжан.
Пікір жазушылар арасында да Ахметжанмен пікірлес адамдар көп екені байқалады.
«Біздің қоғам қандай, басшыларда сондай! Керісінше емес. Бұл елді түземейінше, бұл қасірет кетпейді! Шындық осы!», «Ештемеге таң қалмайтын болдық. Абайлаңызшы шындық айтаиын деп, қазір өзі жемқор парақор деген үйреншікті болды. Шын жегендер шалқайып, жемегендер тұтіліп жем болып жүр. Қиын болып барады, бара бара адамдар құнығып барады», «Білім саласына зияны тиген адамды халық жауы ретінде ит жеккенге айдау керек қой, күлдей зиян жасап кетеді болашаққа ондайлар»,
деп жазған оқырмандар.