Елімізде өрт қауіпті кезең басталғаннан бері жалпы 131 мың гектар аудан жанды. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтаруға үндеу жасады.
Қазір төрт облыстағы 10 аймақта табиғи өрт өшіріліп жатыр, олар: Шығыс Қазақстан облысы — 4; Қарағанды облысы – 4; Абай облысы – 2; Жетісу облысы – 1.
Министрлік табиғи өрт шығу қаупін азайту үшін мынадай өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұрайды:
- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеу;
- орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеу;
- табиғат аясында демалғаннан кейін шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып кету керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпке шағылысып, өрт шығуы мүмкін;
- өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;
- табиғи өрт шыға қалған жағдайда дереу 101, 112 телефондары бойынша өртке қарсы қызметке хабарлау.
Азамат рұқсатсыз жерде от жақса, құрғақ шөпті бақылаусыз жандырса, ауыл шаруашылығы алқаптарында, орылған жерлерді өртесе және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 659 орман және 74 дала өрті, 2 181 дала жануы тіркелді. Жанудың жалпы ауданы 131 мың гектар болды,
делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
2 қыркүйекте Қостанай облысының Басаман және Семиозер орман шаруашылықтары аумағында ағаштар (көктерек, қарағай) мен құрғақ шөптер өртенді. Өрт шыққан сәттен бастап жалпы ауданы 43 мың га (орман шаруашылығының жалпы ауданы — 107 257 га) болды. Алдын ала бағалау бойынша төтенше жағдай нәтижесінде 91 тұрғын үй өртеніп кетті, оның ішінде Аманқарағай ауылында — 85 үй және Озерный ауылында — 6 үй. Өрт басталғаннан бері барлығы 2 091 адам эвакуацияланды.
Қазір учаскелерде 207 техника, 5 өрт сөндіру пойызы, 1 785 адам жұмыс істеп жатыр. Су ағызу құрылғылары бар тікұшақтар әуеден 272 рет су шашты.
2022 жылғы 7 қыркүйекте сағат 15.00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт ауыздықталды. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтары өшіріліп жатыр.
Қостанай облысында орман өрті фактісі бойынша Ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру), 204-бабы 2-бөлігі (бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазір төрт облыста табиғи өрт өшіріліп жатыр, олар: Шығыс Қазақстан облысы — 4; Қарағанды облысы – 4; Абай облысы – 2; Жетісу облысы – 1.
5 қыркүйекте ШҚО-дағы Марқакөл орман шаруашылығы аумағындағы Төсқайың ауылынан 10 шақырым жерде шөптер, бұталар мен ағаштар жанып жатыр. Қазіргі уақытта өртті сөндіру қиын таулы жерлермен күрделенген (өрт орнынан Қытай шекарасына дейінгі қашықтық – 50 км). Өрттің алдын ала көлемі — 300 гектар (оның ішінде орман аймағында бұта, құрғақ шөп, қылқан жапырақты ағаштар шамамен — 150 га),
делінген хабарламада.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Өрт орнында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіру және жеке құрамды жету қиын жерлерге жеткізу үшін су құю құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы (ШҚО ПӘ), өрт орнын аэуризуалды тексеру үшін Еурокоптер тікұшағы (ТЖМ Қазавиақұтқару) жұмылдырылды.
6 қыркүйек күні кешке (сағат 18:58) Алматының тау баурайында жалпы ауданы 3 га құрғақ өсімдіктер өртенді. Жергілікті жердің күрделі рельефіне, желдің күшеюіне және тәуліктің қараңғы уақытына қарамастан өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарымен оттың қарау алаңына және «Көк төбе» саябағына таралуына жол берілген жоқ.
20:22 минутта өрт оқшауланды, ал 20:32-де өрт толықтай сөндірілді,
деп жазылған хабарламада.
Табиғи өрттердің себебін талдау көрсеткендей, өрт шығудың тек 43%-і табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал 50%-тен астамы адамның араласуының нәтижесі болды.