Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?
01.12.2023
Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?
01.12.2023
70 жастағы әжей егіз бала тапты
01.12.2023
Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды
01.12.2023
«Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген
01.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Бишімбаев әйелін өлімше етіп ұрып, өлген соң, ағасымен бірге сол жерде тамақ ішіпті
Қоғам

Бишімбаев әйелін өлімше етіп ұрып, өлген соң, ағасымен бірге сол жерде тамақ ішіпті

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 13.11.2023
Обновлено 13.11.2023 в 11:11
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Бишімбаевтің ісі: айту керек пе, айту керек емес пе? Бұл сұрақтың өзі нонсенс. Айту керек. Жазу керек.

Бұрын таңғалатынмын. Америкада бір оқушы жолға шығып кетіп, көлік қағып кете жаздап, бұл оқиға видеокамераға түсіп қалса, CNN-нен бастап барлық телеарналар таңертеңнен кешке дейін көрсететін.

Одан басқа жаңалық жоқ па деуші едім. Сөйтсем, бір ата-ана баласынан көз жазып қалып, соңы қайғылы оқиғаға айнала жаздаса, бұл — бір отбасының емес, бүкіл қоғам сабақ алар, құндылықтарын қайта қарар, үлкендердің мүлгіп кеткен қырағылығын қайта өзектендірер оқиға екен.

Не үшін? Мұндай жағдай қайталанбау үшін. Ата-аналар бала қауіпсіздігін қайта қарау үшін.

Телеарналарда полиция жыл бойы қанша бала бақылаусыз қалғанын айтып, қоғамдық ұйымдар меткептерде ата-аналармен жұмысты күшейту керек деп жатады.

Ал бізде телеарналар бұл тақырыпты бүге шігесіне дейін талқылап жатқан жоқ. Оның орнын әлеуметтік желілер толтырып жатыр.

Сондықтан, Бишімбаевтің ісі бұл тек құқық қорғау органдары айналысатын, марқұмның отбасы ғана қайғыратын трагедия емес, қоғам болып талқылап, сабақ алатын жағдай. Сондықтан іс жан-жақты талқыланып, тіпті Конституцияның кепілі Президенттің өзі бақылауға алып, сот процесі ашық жүруге тиіс.

Неге Президент бақылауға алуға тиіс деп отырмын. Қазір қоғам сот жүйесі мен құқық қорғау органдарына аса сенбейді. Сенер еді, егер 10 жылға сотталған Бишімбаев 1,5 жылдан соң еркіндікке шықпаса.

деп жазды қоғам белсендісі Шығыс Мұған.

Өкінішке қарай мұндай оқиға алғаш емес. Полиция соңғы жылдары неше еркек әйелін өлтіргенін, қанша әйел таяқ жеп полицияға арызданғанын, қанша іс сотқа жеткенін, психологтар мұндай травмадан соң, әйелдерге қалай көмек беру керек екенін жарыса айтып жатса дейміз.

Еркектерден жыныстық жәбір көрген әйелдер 2017 жылы #MeToo әлеуметтік қозғалысын бастаған-ды. Әйелдер әдетте ұят деп жария етпейді. #Мен_де, яғни #MeToo деп өз басынан кешкен жағдайды әлеуметтік желіге осы хештегпен жариялай бастады.

Америка әйелдерінің 56% өмірінде кемі бір рет харассментті бастан кешкен, 95% жағдайда еркектер ешқандай жауакершілікке тартылмаған.

Америка сияқты индивидуалистік қоғамның өзінде осындай жағдай. Бізде жағдай одан бетер болуы мүмкін, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылық.

Әдетте танымал емес адамдар осындай жағдайға тап болса, ешкім назар аудармайды. Ал бұл оқиғаның жөні бөлек. Сондықтан бұл оқиғаны қоғам игілігі үшін барынша пайдалану керек, яғни мұндай оқиғалар болмайтындай, әрбір отбасы сабақ алатындай, әсіресе әйелдер күйеулерін басындырып, мұндай қарым-қатынасты төзіп жүрмейтіндей өз құндылықтарын қайта бағалау керек.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары мәселеге назар аударып, полиция мен прокуратураны шақыртып тыңдап, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия шұғыл отырыс өткізіп, мәселеге қоғам назарын аудару керек. Өкінішке қарай, мұның бәрі болып жатқан жоқ. Жаны түршігіп, әлеуметтік желіде орынды ашуын жазып жатқан азшылық болмаса, қалған қоғам қалғып жатыр.

Ең өкініштісі, бұл жан түршігерлік қылмысты ақтап, байғұс әйелді жазғырып жатқандардың реакциясы жағаңды ұстатады.

Жаңа ақпарат шықты. Бишімбаев әйелін өлімше етіп ұрып, жарты күн ресторанда ұстап, өлген соң, ағасымен бірге сол жерде тамақ ішіпті. Маняк па бұл өзі не деген қанішер еді?!

ТЕГи: Әлеуметтік желі, Қазақстан, Қасым-Жомарт Тоқаев, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 13.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?
  • Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?
  • 70 жастағы әжей егіз бала тапты
  • Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды
  • «Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Елге қандай мамандар келіп, қандай мамандар кетіп жатыр?

01.12.2023
Қоғам

Қазақстанда қанша ер адам әйелінің тегін алған?

01.12.2023
Экономика

Зиянды еңбектегі адамдар әлеуметтік төлем алатын болды

01.12.2023
Қоғам

«Өміріңді өзгертемін»: Әлеуметтік желіде дипломсыз психологтар көбейген

01.12.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?