Биыл 149 полицей ауыр қылмыс жасаған

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларының аралығында ҚР Ішкі істер министрлігінің 199 қызметкері қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Ranking.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, олардың ішінде 149 полиция қызметкері ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Ауырлығы төмен құқық бұзушылықтарды – 22 қызметкер, ауырлығы орташа – 25 қызметкер, аса ауыр – 1 қызметкер жасады. Ал былтыр осы кезеңде ҚР ІІМ-нің 228 қызметкері қылмыстық құқық бұзушылықтарға барған.

Құқық бұзушылықтардың ең көп бөлігі Алматы қаласында болған (25 адам). Одан кейінгі орында Ақтөбе (19 адам, жылына 72,7%), Алматы (17 адам, 54,5%) және Солтүстік Қазақстан (17 адам, жылдық өсім-2,4 есе) облыстары тұр.

 ІІМ қызметкерлерінің ішінде қылмыстық құқық бұзушылықты жасау фактісі ең аз өңір ретінде Шығыс Қазақстан облысы тіркелді. Атырау және Жамбыл облысында полицейлердің қылмыс жасауы азайған.

ІМ қызметкерлері арасындағы құқық бұзушылардың жартысы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты болып отыр. Бұл саладағылар көбіне, пара алып, билікті немесе лауазымын асыра пайдаланған. Оған қоса, алаяқтық, ұрлық және бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру  деректері де жиі кездеседі. Полицейлер биыл қаңтар-тамыз аралығында 12 адамды азаптаған.

Еске салсақ, қаңтар оқиғасынан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде полицейлердің адамдарды жазықсыз азаптағаны, «үтік басқаны» туралы фото-видеолар қаптап кеткен болатын.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago