2023 жылғы негізгі ҰБТ қорытындысын жариялаған Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев биыл бакалавриатқа 73 мың грант бөлінгенін атап өтті.
Барлық гранттың 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді.
Гранттардың басым бөлігі «Инженерлік, өңдеу, құрылыс салалары» білім беру бағдарлама топтарына бөлінді. Олардың саны 18 744 грант деген сөз. Ал «Педагогикалық ғылымдарға» – 12 560 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» саласына – 10 103 грант, «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 7 388 грант тиесілі. «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген.
Оның айтуынша, биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінген.