Биыл көмір разъездерінде отын бағасы тұрақты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Биыл разъездердегі бағаның былтырғымен айырмасы көп емес.
Биыл разъездердер бағаны былтырғымен ұстап отыр. «Қазақстан теміржолымен» де келістік. Тарифті өсірмей, бұрынғы күйінде қалдырып отыр. Қазіргі таңда ең төменгі баға Солтүстік Қазақстан облысында тоннасына 14 500 мың теңге, ал ең жоғарғы баға Батыс Қазақстанда 21 600 теңгеге жетіп отыр,
деді Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында.
Министр қазір әкімдікпен көмірді ауыл-ауылға қаншалық арзан жеткізуге болатыны туралы жұмыс істеп жатқанын айтты.
Мысалы, Ақмола облысын алайық. Атбасарда Қаражыра көмірі (тоннасына — ред.) 14 500 мың теңге болса, Шұбаркөлдікі 15 мың теңге. Степнагорскта Шұбаркөлдің көмірі 22 мың теңге. Ақмола облысындағы ең алыс деген ауылды алдық, ол — Алтынсұр ауылы. Ол жерде 25 мың теңгеге жетеді,
деді министр.