Биыл қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша, мемлекет бюджетіне 14,8 триллион теңге түсті. Бұл былтырмен салыстырғанда 31,1 пайызға көп, — деп хабарлайды Ranking.kz.
Салыстырмалы түрде айтар болсақ, былтыр мемлекет бюджетіне 11,3 триллион теңге түскен.
Мемлекеттік бюджетке түсетін қаржының 71,9 пайызы салық: 10,7 триллион теңге. Оның ішінде:
- қосылған құн салығынан түсетіні — 4,2 триллион теңге,
- табыс салығынан — 3,8 триллион теңге,
- халықаралық саудаға және сыртқы операцияларға салынатын салықтардан — 1,6 триллион теңге,
- әлеуметтік салықтан — 741,2 миллиард теңге,
- меншік салығынан — 351,5 миллиард теңге.
Салықтық емес түсімдер бір жылда 39,5%-ға, 343,7 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде:
- мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 140,4 млрд теңгені,
- мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар — 79,4 млрд теңгені,
- мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін түсімдер — 2,5 млрд теңгені құрады.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бір жылда бірден 33,8%-ға, 171 млрд теңгеге дейін өсті. Оның ішінде мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түскен кірістер 145,9 млрд теңгені, жер мен материалдық емес активтерді сатудан — 23,8 млрд теңгені, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан — 1,3 млрд теңгені құрады.
Трансферттер түсімі бір жылда 7,6%-ға, 3,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.