Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
26.09.2023
Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
26.09.2023
Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
26.09.2023
Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
26.09.2023
Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды
25.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Биыл құтқарушылардың еңбекақысы 70 пайызға өседі – президент
Қоғам

Биыл құтқарушылардың еңбекақысы 70 пайызға өседі – президент

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 14.02.2023
Обновлено 14.02.2023 в 03:02
Поделиться
Фото: Ақорда
Поделиться

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары алдында сөз сөйлеп, еліміздің амандығы мен қауіпсіздігін сақтауда құтқарушылардың мамандығы аса зор сенім мен үлкен жауапкершілікті талап ететінін, соған байланысты биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтерілетінін айтты.

Биылдан бастап құтқарушылардың еңбекақысы 10-нан 70 пайызға дейін көтеріледі. Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі. Төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсетті. Басқа адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар аз емес. Олардың қатарында осы Академияның түлегі Асқар Забикулин де бар. «Ер есімі – ел есінде». Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс,

деді ол.

Осыдан кейін президент азаматтық қорғау жүйесінің үнемі жаңғыртуды қажет ететінін, бүгінде озық әлемдік тәжірибені үлгі ету, заманауи технологияларды енгізу өте маңызды шаруа болып отырғанын айтып, құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажеттігін ескертті.

Бұл мәселеде, әрине, командирлер мен оқытушылар негізгі рөл атқарады. Осы ретте оқу жағдайы үлкен маңызға ие,

деді мемлекет басшысы.

Одан әрі Тоқаев академияның қызметі мен жұмысына қатысты пікір білдірді.

Академия – еліміздегі кәсіби құтқарушылар даярлайтын бірден-бір оқу орны. Оны ширек ғасыр ішінде 6 мыңға жуық маман бітіріп шықты. Академия түлектері барлық облыста еңбек етіп жүр. Олар Отан алдындағы борышын адал атқарып келеді.

Халқымызда «Апат айтып келмейді» деген сөз бар. Күзде еліміздің бірнеше аймағы алапат өрттен зардап шекті. Сын сағатта тұрғындарға алдымен құтқарушылар көмекке келді,

деді Тоқаев.

Сөз соңында ол Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін пысықтап, жатақхана мен оқу корпусын салуды жоспарлап отырғанын, мемлекет еңбекақыны арттыру және құтқарушылардың әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз етілуін жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанын тілге тиек етті.

Азаматтық қорғау академиясы – төтенше жағдайлардан қорғау саласы бойынша маман даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

Соңғы уақытта 569 курсант күндізгі бөлімде, 161 курсант қашықтан оқу бөлімінде білім алып жатыр. Сондай-ақ 168 курсант шетелдік салалық жоғары оқу орындарында оқиды.

Академия жыл сайын 150-ден астам офицер даярлап шығарады.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 14.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді
  • Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы
  • Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды
  • Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады
  • Шымкентте анасы мен қызы қылмыс үстінде ұсталды

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Экономика

Қазақстанда IT қызметінің көлемі тұрақты өсіп келеді

26.09.2023
РуханиятДін

Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы

26.09.2023
ЖемқорлықОқиға

Атырау әкімдігінің бұрынғы басшылары ұсталды

26.09.2023
Қоғам

Қазақстандықтар құжат аларда саусақ ізін тапсырады

26.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?