Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылғы наурыз айындағы ең жоғары мәнге (3,7%) жеткен соң төмендеп келеді.
Биылғы қаңтарда айлық инфляция біртіндеп 1,1%-ға дейін төмендеді. Бұған қарамастан, ол орташа жылдық мәннен едәуір асатын деңгейде қалып отыр. Жылдық мәнде инфляция биылғы қаңтарда 20,7%-ға жетті. Жылдық мәнде 25,7%-ға жеткен азық-түлік бағасының өсуі инфляцияның өсуіне көптеп үлес қосып отыр.
Азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорт тауарларының қымбаттауы мен оларға сұраныстың сақталуына байланысты 20,2%-ға дейін жеделдеді. Ақылы қызметтердің инфляциясы 14,2%-ға жетті.
Логистиканың өзгеруіне, жоғары инфляциялық күтулерге, сұранысты фискалдық қолдауға және кредит берудің ұлғаюына байланысты инфляция өсуін жалғастырып келеді. Сақталып отырған тәуекелдер базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде ұстап тұруды талап етеді.