Украина мемлекетін орташа алғанда қырық жастағы адамдар басқарады. Ресейді жетпіс жастағы шалдар басқарады.
Тарих деген – ұрпақтың, буынның алмасуы.
Мемлекет емес, режимдер емес, адам өзгереді.
Негізін Ленин қалап кеткен ескі мемлекеттің уақыты бітіп барады.
Украинада элита жасарды, билікке жас буын келді.
Ресейде ғұмыры әне-міне таусылайын деп тұрған кәрі-құртаңдар өзі енді ары қарай сүре алмайтын өмірді жастардан қызғанып, орысты да, украинды да қырып жатыр.
«Біз өлеміз, мыналар қалады екен» деген көре алмаушылық маза бермей жатыр оларға. Сол үшін өлімді культ қылуда.
Путин мен Патрушев сияқты Ресейді билеп отырған қарттар интернет қолдануды білмейді. Әлі папкамен жұмыс істейді.
Олардың бұл соғыста жеңуі мүмкін емес.
Олардың күні бітті.
Бұл – тарихшы Дмитрий Чернышевскийдің айтқаны.