Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
04.12.2023
Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
04.12.2023
18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
04.12.2023
2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
04.12.2023
«Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар
04.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Біздің халыққа әмеңгерлік жолды қайтару керек
Руханият

Біздің халыққа әмеңгерлік жолды қайтару керек

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 07.11.2023
Обновлено 07.11.2023 в 10:11
Поделиться
фото: kopilkaurokov.ru
Поделиться

Біздің тарихымызда жер дауы мен жесір дауы деген негізгі екі дау болған. Бірақ қазіргі уақытта жесір дауы жойылып кетті.

Жазира Бегалы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ақпаратпен бөлісті.

Сөзбе-сөз:

Кеше 7 бала туған әйел жайлы естідім. Перзенттерін 6 күйеуден тапқан. Бірде-бір балаға әкесі нан, су сатып алмаған. Алты ердің қайда жүргені белгісіз. Қыс тақағанда әкімдік отын-сумен қамтамасыз етеді. Тіпті жалдамалы пәтердің ақысын төлеп, азық-түлік сатып алады.

Сонда анау алты әкенің жүрегі тас болса да, адамгершілігі қайда? Бәріне әйелді кінәлайтын қоғамда жауапсыз әкелердің айы оңынан туып тұр.

Дәл осы жазбаға қоғам белсендісі, журналист Құрал Сейітханұлы жауап жазыпты.

Біздің бабаларымыз жесірлерін өлсе де бөтен руға бермейтін болған. Егер бір рудың жесірін алып қашсаң, бүтін бір рудың намысын таптаған болып шығасың. Бұндай жағдайда көшпенділердің мұздай заңы бойынша сені тек өлім жазасы күтіп тұрады. Бұл ислам діні келгенге дейін солай болған.

Ол кездегі рулар қазіргідей қырық ру болып араласып тұрмайды. Әр рудың өз ауылдары болады. Ері соғыста қаза болған жесір әйел, марқұм болған ерінің ағасына немесе інісіне әмеңгерлік жолмен беріледі. Бұны сол кездегі қазылар мен билер реттеп отырады. Ол замандағы әйелдер тек бір еркекке ғана арналатын болған. Бары да, нары да сол еркек. Болды.

Түсінікті болу үшін:

Біздің көшпенділер үшін әлі күнге дейін істеп тұрған табиғаттың жазылмаған заңы бар. Ері өмірден өткен жесір әйелдер қазіргідей басқа рудың азаматына тұрмысқа шықса оның балалары ертеңгі күні елді жаудан қорғауға қауқарсыз, жасық болып өседі. Әкесі қаза болып бірақ сол әкесінің әулетінде өскен бала өз әулетінде жүргенін біліп бөтенсімей өседі. Бұндай жағдайда баланың намысы тапталмайды. Сәйкесінше ол ел қорғайтын батыр болып өседі. Бұл біздің көшпенділер үшін табиғаттың жазылмаған заңы.

Бұны қазіргі әйелдер мүлдем түсіне алмайды және тереңіне бойлай алмайды. Өкінішке қарай қазір заман басқа, заң басқа.

Бұл жайында алғаш рет осыдан біраз жыл бұрын Геройхан Қыстаубаев ағамыз жазған еді. Сол кезде байдан байға тигіш санасыз әйелдер Геройхан көкемді жерден алып жерге салып жамандап жатты. Бұл кісі айтса дұрысын айтады.

Мысалы бұл кісі Қаңтар қырғыны болардан екі ай бұрын осындай қырғын болайын деп жатқанын Фейсбукта жазды. Екі ай бұрын жазды. Бірақ оны ешкім елең-құлаң қылып назарға алған жоқ. Кейін Қаңтар қырғыны біткен соң Бекболат Қаржан: Мына кісі көреген екен деп сол постты бөлісіп пост шығарды. Бекболат рас қой?

Бұнымен не айтпақпын? Біз қазір осындай дұрыс жолды ұсынатын көне көз ақсақалдардың сөздерін қабылдай алмаймыз. Керісінше оң жамбасымызға келетін дұрыс емес дүниелерді қабылдаймыз. Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай: «Ақымақ шынға сенбей, жоққа сенбек» деген деңгейге дейін құлап кеткенбіз.

Дінмұхаммед Қонаевтың Қонай деген бабасы болған. Яғни Қонайдан Жұмабай, Жұмабайдан Меңдіахмет, Меңдіахметтен Дінмұхаммед. Сол Қонай Алматы облысында өз ағайындарымен араз болып қалып Солтүстікке Абайдың әкесі Құнанбай сұлтанның ауылына барып тұрады. Сол Қонай жастық албырттықпен Тобықты руының бір жап-жас жесірін алып қашамын деп басы сұмдық дауға қалады. Даудың сұмдық болғаны соншалықты Қонай әлгі жесірін тастап қашып Алматы облысына келіп өз ағайындарына тығылады. Бірақ соған қарамастан намысы қорланған Тобықты руының батырлары іздеп келіп Қонайды бесін намазын оқып отырған жерінен шауып өлтіреді. Біреудің жесіріне көз салсаң өлім жазасы деп жоғарыда айттым ғой. Осылайша Қонайдың жалғыз ұлы Жұмабай әкесінен ерте айырылады. Ал Жұмабайды жесір анасымен бірге Қонайдың ағасы Шолақ әмеңгерлік жолмен алады.

Қонайдың әкесі Азынабайдың үш әйелі болған. Шолақ бәйбішеден, Қонай тоқалдан туған. Осылайша Шолақ інісі Қонайдың жесірін баласымен бірге алған.

Біз өркениет көшіне осы әмеңгерлік жолды сақтай отырып баруымыз керек. Әйтпесе жойыламыз,

деп аяқтапты жазбасын.
ТЕГи: Әлеуметтік желі, Главное, Қазақстан, Руханият, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 07.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
  • Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
  • 18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
  • 2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
  • «Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды

04.12.2023
Қоғам

2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды

04.12.2023
Қоғам

«Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар

04.12.2023
Атақ және ақша

Назарбаев: Ұрпақсыз емеспін, ұлдарым бар

04.12.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?