Мемлекет басшысы Павлодар жұртшылығымен кездесуде қоғам психологиясы туралы айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президенттің айтуынша, қазақ қоғамы масылдық психологиядан арылып, адал еңбек етуі керек.
Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине, мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті,
деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, табыс тауып, отбасын асыраудың өзі елімізді дамытуға үлес қосу деген сөз.
Айта кетейік, мемлекет басшысы қазір Павлодар облысында іссапарда жүр. Ол Үкіметке Павлодар облысын таза сумен қамту үшін қаржы бөлуді тапсырды.
Оған қоса, Үкімет жыл соңына дейін «Павлодар – Астана» бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі керек екенін айтты.