Астанадағы Сарыарқа аудандық №2 соты блогер һәм журналист Махамбет Әбжанға үкім шығарып тастады.
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева «сотталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылсын» деген үкімді оқып шықты.
Сот Махамбет Әбжанды ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігімен, 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп таныды.
2021 жылы 3 шілдеде 50 млн теңге алған жерінде арнайы операция барысында ұсталған Әбжан содан бері қамауда жатқан.