Бұл деген трагедия.
Қазақ боксшылары қазақ жанкүйерін жер қылды Ханчжоудағы Азиадада.
Боксшыларымыздың функционалдық дайындығы мен тактикасына байланысты сұрақ көп. Қамшыбек Қоңқабаевтың байырғы қарсыласы Джалоловқа қарсы жаңа ештеңе ойлап таппағаны қалай?
!!!
Бокс турнирінің жалпы есебінде біз Тәжікстаннан төмен тұрмыз,
– Бокстан ұлттық құрамамыз «жекеменшік аула» болуын доғарып, онда ұлттық құрама тренерлерінің өз шәкірттері болмауы керек. Бұдан былай облыстық турнирлердің бәрінен тікелей трансляция көрсетіп, ұлттық құрама мүшелерінің әрбіреуін микроскоппен зерттеу керек.
Бокстан ерлер құрамасына жалпы алғанда жиырма жылдай бас бапкер болған Мырзағали Айтжанов енді қызметінен кетуі керек. Ол осымен екінші Азиадада сәтсіздікке ұшыратты.
Қазақстанның боксы бір соған қарап қалған өйткені.
2021 жылдың қыркүйегінде ұлттық құраманың бас бапкері атанып, 2023 басында денсаулығына байланысты өз еркімен кетуге мәжбүр болған Қайрат Сәтжанов қысқа уақытта мықты команда жасақтауға болатынын көрсетті.
Бүкіл Қазақстанда бұдан басқа бапкер құрып кетпеген шығар? Командаға іріктеу қара қылды қақ жаратындай әділ болуы керек, Қазақстанда дарынды боксшылар аз емес,
дейді Леонид Юрьев дейтін спорт журналисі.