Тұңғыш Президенттің інісі Болат Назарбаев 13 қараша күні сағат 9.51-де 70 жасында қайтыс болды.
Сағат 9.28-де жүрек қызметі тоқтап қалды (асистол). 23 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізілді, бірақ нәтиже бермеді, деп хабарлайды Ratel.kz ақпарат көзі.
2022 жылдың шілдесінде БАҚ Болат Назарбаевқа ауруханадан алынған пневмония, тромбоз және қант диабетімен асқынған көмей обыры диагнозы қойылғанын жазған еді.
4 қарашада Болат Назарбаевтың ауыр халі туралы тағы да ақпарат тарады. Тұңғыш Президенттің інісі екінші рет инфарктпен ауруханаға түскені, жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылды.