Бүгін Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылды. Қарасай аудандық соты «Барыс» автобазары орналасқан 37,6 гектар жер телімін сатып алу келісімін жарамсыз деп тану туралы прокуратура арызын қанағаттандырды.
Оның алдында Болат Назарбаев Алматыдағы «Оптовка» базарынан да үмітін үзген. Өткен жылдың қазан айында сот оптовканы басқаратын «Найза-БН» фирмасын мемлекетке қайтару туралы шешім шығарған болатын. Себебі, 1,5 миллиард теңге тұратын базарды Болат Назарбаев небары 300 миллион теңгеге сатып алған еді.
Енді Болат Назарбаевта Алматының қақ ортасындағы «Никольский» базары ғана қалды. Оған базарды 2017 жылдары Жер қатынастары басқармасында басшының орынбасары болған Ардақ Самамбетов деген шенеуік өз бұйрығымен аударып берген.
DALA INSIDE дереккөзіне сүйенсек, «Никольский» базарын коммуналды меншікке қайтару туралы сөз қозғалар болса, Болат Назарбаев басқаша қималдайтынын ескертіпті.