Қазаққа ядролық қару керек!
Украинадағы қанды соғыс көптеген елдерді алаңдатып отыр, қалыптасқан парадигмаларды қайта қарастыруға мәжбүр етті. Соның ішінде – ядросыз әлемнің ендігі мемлекеттік шекаралардың мызғымастығының кепілі бола алмайтынын көрсетті.
«Мұндай жағдайда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін ядролық қаруын тірілтіп, қайтадан қолына ала ала ма», деген сауал тастады ортаға атышулы Мұрат Телібеков.
Оның сөзінше, «еріккеннен туған сұрақ емес бұл!».
Жері үлкен, халқы аз Қазақстан сыртқы агрессиядан тиімді қорғай алатын басқа қорғаныс қаруын құра алмас. Геосаяси тұрғыдан қарағанда, ядролық қару саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде жалғыз Қазақстанға ғана керек емес. Оңтүстіктен төнетін ислам фундаментализмі қауіпін, Қытайдың экспансиялық жоспары пен Ресейдің ешкім түсінбейтін саясатын қаперге алсақ, «ядролық зонтигіміздің» астынан Қазақстанмен бірге Өзбекстан мен Қырғызстан, басқа елдер да пана таба алар еді,
дейді ол.