Олар «ужасный» деп жатыр!
«Футболдан әлем чемпионатын көріп жүрмін телевизордан», дейді Қазақстандағы «қызық персонаждардың» бірі, әлгі төрт әйелі бір-бірімен төбелесетін атышулы Мұрат Телібеков.
QAZsport арнасының комментаторлары жүрегімді айнытып жібереді. Сосын дыбыссыз көремін, бұларды тыңдауға төзімім жетпейді,
дейді ол.
Ол қазақ комментаторларына қарсы мынадай аргументтерін жайып салды:
- Біріншіден, тоқтамай қақылдай береді. Комментатор болу деген аузыңды жаппай, тоқтамай зарлай беру деп кім айтты?
- Екіншіден, алаңда болып жатқан ойынға қатысы жоқ қайдағы бір әңгімелерін айтып, лағып кетеді екен. Ойын бөлек, комментатор өзімен бөлек боп жатады.
- Үшіншіден, дикциясы, дауыстары «неприятный».
Содан сол «неприятный ощущениядан» құтылу үшін ресейлік телеарналардағы репортаждарды көргенді қалаймын,
депті ол.
«Қазақстан мұсылмандары одағы» дейтін тіркелмеген ұйымның басшысы боп жүрген адамның сөзі осы.