Істің бір мүшесі өз еркімен Люксембургтен 170 млн долларды қайтарды.
Ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар аса резонанс істерді тергеу ерекше бақыланып жатыр. Бұл туралы экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Бұл — «Оператор РОП» және басқа да мекеме басшылары Қайрат Сатыбалдыға, Гүлмира Сатыбалдыға және Қайрат Боранбаевқа қатысты іс. Тергеу орындары қабылдаған шараның арқасында 230 млрд теңге өтелді, оның ішінде шетел юридикциясынан қайтарылғандар да бар,
делінген мемлекетаралық комиссияда.
Мысалы, істің бір мүшесі өз еркімен Люксембургтен 170 млн доллардан астам қаржыны қайтарған. «Қазақтелекомнан», Көліктік сервис орталығынан және басқа да бірнеше ірі ұйымнан жымқырылған 36 млрд теңге өтелді.
«Оператора РОП» ісі бойынша, 180 млрд теңгеге жуық соманың ұрлануының алды алынып, бұл сома «Оператор РОП» шотынан «Жасыл Даму» шотына аударылды. Осы қаржыдан 100 млрд теңге жеңілдікпен автонесиелеуге бағытталды. ҰҚК-нің бұрынғы лауазымды тұлғаларының ісі бойынша Гонконг пен БАӘ-ден 3 млн доллар қайтарылды. Қайрат Боранбаевтың «ҚазМұнайГаз» ісі бойынша 11,3 млрд теңге өтелді,
деп хабарлады комиссия.
Қылмыстық активтерді, соның ішінде шетелдегілерді де анықтау, ұстау және тәркілеу бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Еске салайық, 2022 жылғы наурызда Қайрат Сатыбалды ұсталды. Ол қызметін асыра пайдалану және «Қазақстелеком» АҚ-дан ірі көлемде ақша ұрлау ісі бойынша күдікке ілінді.
Кейін оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды ұсталды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге арналған қаржыны ұрлады деп күдіктеліп отыр және мемлекет бюджетінен 747 миллион теңге жымқыру бойынша істен өтіп жатыр.
Бизнесмен Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда ірі көлемдегі қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді.
Комисиия мемлекет басшысының қаулысы бойынша 5 маусымда құрылды. Оның құрамына құқық қорғау, арнайы және жеке орталық атқарушы органдардың, Ұлттық банктің, Нарық қаржысын реттеу және дамыту агенттігінің және «Самұрық-Қазына» қорының бірінші жетекшілері кірді.