Оқыс оқиға Бразилияның Сан-Паулу қаласында болды. Толассыз жауған жауынның соңы селге ұласты. Сан-Себастьян әкімшілік аймағында 35 адам қаза тапты. Убатуба ауданында да бір тұрғынның жан тәсілім еткені анықталды.
550 адам жағаладағы қоныстарын тастап қашқан.
Олардың 338-і үй-күйсіз қалды. Сан-Паулу губернаторы Тарсисио де Фрейтас азаматтық қорғаныс басшыларымен бірге Сан-Кристобалға барған.
Онда тәулігіне 600 мм жауын-шашын жауды. Елуге жуық үй қирады.
Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Себебі құтқарушылар тасқын жүрген аудандарда үйінділерді аршу жұмыстарын аяқтаған жоқ. Сан-Паулу штатындағы алты қалада 180 күндік апатты жағдай жарияланды.