Бурабай ауданында 40-қа жуық өрт сөндіруші жазғы дәмханада орын алған өртті сөндірді.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2023 жылғы 05 шілдеде сағат 03-09-да Бурабай ауданы, Бурабай ауылындағы жазғы дәмханада болған.
Шақырту орнына бірден Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 38 адамы мен 10 техникасы, «Бурабай» МҰТП 2 қызметкері мен 2 техникасы жөнелтілді. Қабылданған жедел іс-шаралармен 04-13 оқшауланған өрт 05-04-те жойылды.
Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.
