Статистика бюросының дерегінше, 2022 жылы коммерциялық емес ұйымдардың табысы 660,7 млрд теңгені құрады.
Атап айтқанда:
- саяси ұйымдар – 51,4 млрд теңге;
- кәсіподақтар – 46,8 млрд теңге;
- діни ұйымдар – 25,4 млрд теңге;
- кәсіби ұйымдар – 18,5 млрд теңге;
- кәсіпкерлік ұйымдар – 1,2 млрд теңге.
Қалған 78 пайызы басқа коммерциялық емес ұйымдарға тиесілі. Ал бұл 517,3 млрд теңге. Олардың арасында әдеби ұйымдардан бастап қайырымдылық ұйымдары да болуы мүмкін.