Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бастығы Қамчыбек Ташиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қырғызстанда сұлулық байқауларының қатысушылары, жүздеген мың жазылушысы бар қыздар, ауқатты отбасылардан шыққан қыздар, бизнесмендер мен шенеуніктердің қыздары интимдік қызмет түрін ұсынып келген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Тексеру жүргізу барысында мессенджерлердегі арнайы топтар анықталған, олардың құрамына 18 бен 25 жас аралығындағы 200-ге жуық модель бойжеткен кірген.
Олардың бір сағаттық қызметінің құны 500-3000 долларды құрапты.
Танымал әлеуметтік желілер пайдаланылды. Жас қыздар, сұлулық байқауының қатысушылары, жүздеген мың жазылушысы бар қыздар. Мұнда ауқатты отбасының қыздары, шенеуніктердің, бизнесмендердің балалары бар. Біз олардың қызметін пайдаланғандардың толық тізімін белгіледік. Сондай-ақ топтардың әкімшілері де ұсталды,
деді Ташиев.