Categories: Денсаулық

«Цефтриаксоннан» 18 адамның қайтыс болғаны — жалған ақпарат

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда «Цефтриаксон»антибиотик инъекциясын алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты. Алайда Stopfake.kz мағлұматты жалған екенін анықтады.

Ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жоққа шығарды.

«Цефтриаксонның» жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ,

деп хабарлады ведомстводан.

«Цефтриаксон» – бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатын антибиотик. Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады. 

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

18 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

18 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

18 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago