Алматы жер қатынастары басқармасында инспекторлық тексеру жүргізіліп жатыр. Өйткені маусымның басында заңгер, жер және экологиялық құқық жөніндегі сарапшы Бақытжан Базарбек ведомствоның лауазымды тұлғалары әрекеттерінің заңдылығына күмән келтірді.
Әңгіме жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) 10 сотық жер беру бойынша арнайы есепке алуды енгізу туралы болып отыр. Сонымен қатар, ол жер учаскелерін арнайы есепке алмай беру фактілері бар деп санайды.
Алматы қаласының бас жоспарында ЖТҚ үшін жер учаскелерін беру көзделмегенін атап өткім келеді. Бірақ бұған қарамастан, Жер кодексінің 44-бабында көзделген талапқа сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ЖТҚ үшін 0,10 га беруге арнайы есеп жүргізуге міндетті. Тәжірибе көрсеткендей, арнайы есеп жүргізілмегені былай тұрсын, Алматы қаласы әкімдігінің шенеуніктері жер телімдерін тиісті емес адамдарға бергені туралы көптеген фактілер бар,
деді Бақытжан Базарбек.
Адвокаттың пікірінше, 2014-2018 жылдар аралығында қалыптасқан кезекте тұрған 180 000 адамның тізімі де күмән тудырады.
Бірнеше аптадан кейін біз тексеру нәтижелерін білеміз және «Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы» ММ және оның лауазымды тұлғаларының қызметінде өрескел бұзушылықтар анықталатын болады,
деп есептейді Бақытжан Базарбек.