Қазақша контент қоржыны тағы бір жаңа мультфильммен толықты.
«D-Agent» деп аталатын мультсериалдың тұсаукесер рәсімі елордада өтті. Идея авторы белгілі блогер Дәулет Мұқаев.
«Агент D» анимациялық сериалы – Балалар жылына орай «Dauletten» қайырымдылық қорының бастамасымен түсірілді. Анимациялық сериал балалар арасында жақсылыққа үндеуге, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған. Анимациялық сериалдың негізгі ұраны – «Әлемді ізгілік құтқарады».
Анимациялық сериалдың басты кейіпкері өзгелерге көмек қолын созушы, батыр, әділ «Агент D» және оның Коко, Сақшы, Робо атты достарының өзге жандарға көмек қолын созу және әр оқиғадан сабақ алуымен суреттеледі.
Отандық анимациялық өнім 10 сериядан тұрады. Әр сериясының ұзақтығы шамамен 5 минут. Мультфильм көптің көңілінен шығып жатса, жалғасы түсіріледі.
Арнайы ашылған ҰрпақТВ ютьюб арнасында көрсетіледі. Ол ютубқа толығымен шығып болғаннан кейін Балапан арнасынан көрсету жоспарымызда бар. Ұлттық дүние, кейіпкерге тақияны кигіздік. Келесі бір серияларында ұлттық киім, нақыштарды көрсете білу баланың көзі үйренеді. Ұлттық киімдерді көрген не үшін тек Наурыз елестеуі керек,
деді идея авторы Дәулет Мұқаев.
Бүгін “D agent “ мультфильмнің 2-бөлімі шықты. Төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар.