Зәулім үйде тұрып, қымбат көлік мініп жүріп өздерін мұқтаж жандар қатарына енгізгендері қалай?
Қалада 610 отбасы аз қамтылғандығы жөніндегі анықтаманы қолдан жасапты. Жалған құжат арқылы өздерінің табыстарын жасырған. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, олар қағаз жүзінде әлеуметтік көмекке мұқтаждар санатына жатқызылғанымен, іс жүзінде зәулім үйлерде тұрып, қымбат көліктер мініп жүрген.
“Хабар 24” арнасының дерегінше, заңсыз төленген АӘК көлемі 30 млн теңгеден асады. Судың да сұрауы бар. Енді азаматтар оларды қайтаруға міндетті. Көптеген отбасылар бұл істі сотқа жеткізбестен, өз еркімен қайтаруға шешім қабылдаған. Алайда кейбіріне полицейлер «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу жүргізуге мәжбүр.
Өз еркімен 391 отбасы 17 млн 502 мың теңгені мемлекеттің қазынасына қайтарып берді. Сотта тағы 219 отбасының ісі қаралып жатыр.
Олардың қарызы әртүрлі. Біреулер екі квартал алған. Біреу 3 квартал алған. Біреуі бір квартал бойы алған. Әр отбасы әр түрлі. Қазір аудит жүргізілуде,
деді Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова.