Танымал психотерапевт Жібек Жолдасова пациенттерінің арасында 60-шы жылдардан кейін туғандар жиі қайтыс болып жатқанын айтты. Өлімге себеп болып жатқан фактор – жиі ішімдік ішу аясында болатын инсульт.
Айтуынша, жуырда күйеуінің танысын жерлеген. Қырықтан асқан ер адам инфакрт немесе инсульттен қайтыс болған. Жиі ішімдік ішіп тұратын ескі достар жиналып (алкоголиктер емес), сыра ішіп, кейін градусы жоғарысына көшкен. Таңға жуық достары кетіп, ал ер адам гаражда қалған. Біраз уақыттан соң жүрегі сыр беріп, жедел жәрдем шақыруға мұршасы болмай жүріп кеткен ұқсайды.
Психотерапевт Жолдасова мұндай жағдай өте жиі орын алатынын айтады. Көпшілік күнделікті сыра ішу, кейде арақ ішіп тұру қалыпты деп санайды. Алайда, бұл қате пікір.
Тағы да ескертемін, ішімдік қанды қойылтады, тромб түзілу қаупін жоғарылатады, қан қысымын көтереді, ағзаны сусыздандырады.
Менің пациенттерім бойынша сараласам, 60-шы жылдардан кейін туғандар жиі «кетіп» жаттыр. Көбі инсульттан қайтыс болуда. Және көбі жиі ішімдік ішкендер. Монша мен алкоголь немесе спорт пен алкоголь – бұл 40 жастан кейінгі инфаркт/инсульт кепілі,
дейді дәрігер.