Әжғалиевтер отбасының жан түршігерлік оқиғасын uralskweek.kz хабарлады.
Тамыздың соңында Әжғалиевтер отбасында салмағы 600 грамм, бойы 30 сантиметр нәресте дүниеге келді. Шала туған нәресте облыстық аурухананың перинаталдық орталығының жансақтау бөлімінде кувезге (кувез — шала және әлсіз туылған нәрестелерге нақтылы ем қолдануға арналған медициналық құрылғы -ред) жатқызылды.
Ата-анасы сәбиінің есімін Разаман деп қойған. Уақыт өте Рамазан салмақ жинай бастаған, қыркүйекте 800 граммға жеткен.
15 қыркүйекте әйелім әдеттегідей баланы тамақтандыру үшін жансақтау бөліміне келді. Рамазанның оң қолында катетер болған. Әйелім бұл қолының ерекше суық екенін және түсі қарайғанын байқады. Бірден медбикеге жүгінді, ал ол тексеретінін айтты,
дейді баланың әкесі Бақтыбай Әжғалиев.
Анасының шағымынан кейін дәрігерлер бірден баланың қолындағы кататерді алып тастаған. Алайда гематома салдарынан оның қолы қарая бастаған. Үш күннен кейін зерттеулер жүргізіліп, дәрігерлер кеңесі жиналып, нәрестені Астанаға Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізуге шешім қабылдаған.
Сол жерде Рамазанның қолына ампутация жасалды, яғни кесіп алынды.
Рамазанның ата-анасы перинаталдық орталық қызметкерлері кататерді дұрыс қоймағандықтан баласы мүгедектігі бар адамға айналды деп санайды.
Сараптама комиссиясы Әжғалиевтердің шағымын ішінара дәлелді деп таныды.
Бала туған кезінде веноз және артериаль тромбоздың даму қаупі жоғары болды. Дегенмен оған қарамастан диагноз қою, консультативтік-диагностикалық шаралар уақытылы орындалмаған,
делінген комиссияның қорытындысында.
Сараптама қорытындысы Орал қаласының прокуратурасына жолданды. Ал денсаулық сақтау басқармасы перинаталдық орталық әкімшілігіне «экономикалық шара» қолдануды ұсынды.
Алайда әлі күнге дейін медицина мекемесінің бірде-бір қызметкері жұмыстан босатылмаған.