Қазақстандағы ажырасулардың негізгі себептеріне дәстүрлі емес жыныстық көзқарастар, жұбайына немесе балаларына қатысты зорлық-зомбылық, маскүнемдік, құмар ойындарға әуестік, опасыздық жатады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 24 мыңнан астам неке тіркелді. Бірақ бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға аз, деп хабарлайды ranking.kz.
Қалаларда некелескендердің саны жылына 28,1 пайыздан 15,6 пайызға қысқарды, ал ауылдарда керісінше, бірден 8,9 пайыздан 55,6 пайызға көтерілген.
Дегенмен соңғы үш айдағы ажырасулар саны 3,9 мыңды құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,6 пайызға төмен.
Түркістан облысында жас жұбайлар тезірек отбасын құруға асығады екен: 2,8 мың. Үздік үштікке сондай-ақ Алматы (2,5 мың), Алматы облысы (2,2 мың) кірді. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелген: 264.
Керісінше, Алматыда ажырасатындар көп: 494, Астанада – 351 және Қарағанды облысында — 341.
Қазақстандықтардың 39,8%-ы ажырасуға қарсы. Олар тіпті ойларына да алмайды екен. Ал 12,8% үшін ажырасу өмірге оң өзгерістер әкеледі деп сенеді.