Танымал әнші Қыдырәлі Болманов депутат, спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты жайтқа пікір білдірді. Өнер иесі Дәулет Тұрлыхановты қолдап, халықты артық сөз айтпауға шақырды.
Батырларын төмен түсіргісі келіп, неше түрлі сөз қозғайтын іштен шыққан жау жаман! Осыны біле тұра, солардың артынан еретін қазағым! Тыңда! Ардақ бауырым да өте адал, батыр, алаш асылдарының жалғасы дер едім! Кейінгі кезде іріткі салатындар көбейді… Дәулет Тұрлыхан — сөзсіз батыр! Бірулер батырды, батыр емес деп насихаттауда! Ол насихатшыларды қазағым қолдап, шуылдауда! Батырсыз ел болмайды! Кешегі Қабанбай, Бөгенбайлардың бүгінгі жалғасы — Дәулет Тұрлыхан! Кім баласының жаман болсын дейді? Мәрзия анамның әр баласы арлы Болат әкеміздің әр жасаған ісі — маған тағылым! Инстаграм бар екен деп, неше түрлі сөз айтып, күнәға батып, жауларыңды семіртпеңдер! Батыры жoқ, ақыны жоқ, ел жетім! Бір болайық! Береке келер! Батырды да, ақынды да тек Алла береді. Өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дер! Өшер елдің баласы бірін-бірі қатын дер деген өсиет бар. Өсіп, өнейік десек, осыны ұққанымыз жөн! Алла батырмызды да, ақынымызды да сақтасын,
деп жазды Болманов.
Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп айыпталғаны хабарланған еді. Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады.
Кім баласын жаман болсы дейді. Ересек балалар. Білген жоқпын. Өздері разберутся. Бір-бірін сонша қатты жақсы көретін шығар,
деп жауап берді Тұрлыханов.
Кейін депутат Facebook-парақшасында оқиғаны түсіндірді. Ал Ардақ Назаров Дәулет Тұрлыхановты жақтап, жазба жариялады.