Михаил Козачковтың Telegram-арнасында дептуттың тағы бір ұлы көшеде әйелді ұрып соққаны туралы жазба шықты.
Видео кадрды Instagram желісінде _eva._t есімді қолданушысы жариялаған.
Таң қалатын дүние емес. Instagram желісінде бір әйел өзің ұрып-соққан видеосын жариялады. Тағы да сол депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлдары. Бұл жолы ортаншы ұлы,
деп жазды журналист.
Депутаттардың ұлдары әкесінің атын осылай қорлайды! Бір де бір қыздың жолы Тұрлыханов Әкежан Дәулетұлы деген адаммен түйіспейді деп сенемін,
деп жазды жәбірленуші.
Ол сондай-ақ денесіндегі жарақат пен көгерген жерлерін көрсетті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасаған адам депутат Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметкер Нұрасыл Болат екені кейін анықталды.
3 шілдеде Болат ұлының әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болды. Кейін бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі ресми түрде растады. 4 шілде күні таңертең қорғаныс ведомствосы Нұрасыл Болатты әскери полиция қызметкерлері тауып, бөлімшеге жеткізгенін хабарлады.
4 шілдеде Тұрлыханов тергеуде жатқан ұлымен мақтанатынын айтты, деп жазды Qaz365.kz.