Дағыстандықтар Хабиб Нурмагомедовтың әлеуметтік желісіне шабуылдап жатыр. Олар чемпионды мобилизацияға қарсы шықпадың деп айыптауда.
Айта кету керек, 24-25 қыркүйекте дағыстандық әйелдер балаларын ешқандай соғысқа жібермейтіндерін айтып, Махачкалада наразылық шараларын ұйымдастырды. Сондай-ақ өңірде ішінара емес, жаппай мобилизация болып жатқанына шағымданды.
Ал осы уақытта Хабиб өзінің Instagram парақшасында кофе стақанының суретін жариялап, Махачкаладағы жағдай бойынша бір ауыз сөз жазбаған.
Суреттерінің астында жұрт оған Егор Кридке қарсылығын есіне салып жатыр: бір кездері ММА чемпионы әншіні жастарға теріс әсер етеді деп Дағыстанға келтірмей қойған. Ал енді Дағыстанның жастарын өлімге айдап жатқанда Хабибтің үнсіздігін жұрт түсінбей әлек.
Бірі Дағыстанның батырлары іш киім киген ММА чемпиондары емес, орамал таққан әйелдері деп жазуда.
Сондай-ақ, көпшілік оның жеңісін бүкіл Дағыстан болып тойлағанын, қолдағанын есіне алып жатыр. Ал енді оның қолдауы қажет болғанда ол үнсіз дейді.
Кейбірі жай ғана қолдау сөз жазшы деп өтініп жатыр.
Қазақстандықтар да үнсіз отырған жоқ. Чемпионға Қазақстанның өзі ресейліктерді қабылдап, қарсылық білдіріп жатқанда чемпионның бұл үнсіздігі түсініксіз дейді.