Түркиядағы жер сілкінісі алаяқтар үшін пайда табудың жаңа жолын тудырды. Интернет арқылы алаяқтар тірі қалғандарға көмектесу үшін ақша жинап жатыр, деп хабарлайды Азаттық рухы ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сирияда қатарынан болған екі жер сілкінісінің құрбандары 37 мыңнан асты, бірақ қаза болғандар саны сағат сайын артып жатыр.
Апаттан кейін әлеуметтік желілерде көптеген жалған қайырымдылық жинау туралы хабарландырулар пайда болды. Олардың авторлары көбінесе өздерінің криптовалюта әмияндары мен PayPal шоттарын береді.
BBC жалған қайырымдылық жасаушылар қолданатын көптеген әдістердің бірнешеуін анықтап, ақша салу кезінде алаяқтық схемалардан қорғанудың кейбір жолдарын ұсынады.
Tik Tok LIVE платформасында контент жасаушылар донаттар түрінде ақша ала алады (немесе «сыйлықтар» — қалаған сомаға ақша аударымдары). Онда алаяқтар елдегі апат жағдайының фотосуреттері мен видеоларын жариялап ақша сұрайды. Суреттердің астында «Түркияға көмектесейік», «Түркия үшін дұға ет» және «жер сілкінісі құрбандарына қайырымдылық» деп жазылған сөздерді қолданады.
Үш сағаттан астам уақыт тұрған осындай профильдердің бірінде қираған ғимараттардың дроннан түсірілген видеолары тікелей эфирде көрсетілді. Бұл видеоның фонында күліп, қытай тілінде сөйлеген ер адамның дауыс естілді. Видео астындағы жазба: «Түркияға көмектесейік. Қайырымдылық», деген жазумен жарияланған. Тағы бір эфирде (стрим) жарылыстан қашып бара жатқан баланың суреті бар. Бұл – TikTok арқылы қайырымдылық жасауға шақыру.
Алайда бұл сурет жер сілкінісі кезінде түсірілмеген. Суреттерді қайта іздеу кезінде дәл осы сурет 2018 жылы Twitter желісінде «Африндегі (Сирияның қаласы) геноцидті тоқтату» деген жазумен жарияланған. Бұл Сирияның солтүстік-батысындағы түрік қарулы күштері мен олардың Сирия оппозициясындағы одақтастары күрд көтерілісшілерін ығыстырған қала болып шықты.
TikTok-тағы алаяқтар туралы тағы бір ескерту: платформа профиль иелері алатын цифрлық сыйлықтардан түсетін кірістің 70%-на дейін өзі алады, дегенмен TikTok мұны жоққа шығарды.
Біз Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкіністеріне қатты қайғырып, жер сілкінісінің салдарын жоюға үлес қосып жатырмыз. Біз сондай-ақ адамдарға көмектескісі келетін қауымдастық мүшелерін алдамау немесе адастырмау үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз,
деп жауап берді TikTok өкілі.
Twitter желісінде де дәл осындай алаяқтық іс-қимылдар байқалған. Желіде адамдар әсерлі суреттермен бөлісіп, қайырымдылық жасау мақсатында криптовалюта әмияндарына сілтемелер қояды.
Сондай парақшалардың бірінде 12 сағат ішінде сегіз рет жарияланған құлаған ғимараттардың арасында қолында кішкентай баласы бар өрт сөндірушінің суреті қойылған.
Сонымен қатар, крипто әмияны мекен-жайларының бірі 2018 жылдан бастап алаяқтық және спам қолданылып келген. Кейбір алаяқтар қаражат жинау үшін Twitter-де жалған аккаунттар жасайды және PayPal әмияндарына сілтеме қояды. Осындай жандардың арбауына түсіп жатқандардың саны аз емес.
Sonatype-тің киберқауіпсіздік бойынша сарапшысы Акс Шарма бұл аккаунттар түрлі жаңалықтарды Twitter желісіне жібереді және атақты адамдар мен компаниялардың назарын аударту үшін сұрақтарына жауап беретінін айтады.
Олар табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек жинау үшін жалған аккаунттар жасайды, олар нақты ұйымдардың немесе жаңалық арналарының аккаунттарына ұқсайды, бірақ содан кейін қаражатты өздерінің PayPal мекенжайларына аударады,
дейді сарапшы.
Мысалы «TurkeyRelief» аккаунты Twitter-де қаңтарда пайда болған. Бар болғаны 31 жазылушысы барына қарамастан PayPal арқылы қайырымдылық жасауға шақырады. Қазіргі уақытта PayPal-да бұл шотқа 900 АҚШ доллары көлемінде қайырымдылық түскен, бірақ олардың 500 -ге жуығын парақшаны құрған адам салған. Сарапшының айтуынша, бұл қаражат жинауда шынайы болып көрінуі үшін жасалатын кезекті әдіс. Сондай-ақ ол нағыз қайырымдылық ұйымдары көбінесе қомақты қаражат жинайтынын, ал PayPal арқылы ақша жинайтын көптеген алаяқ 100 долларға жетер-жетпес қаражат жинайтынын айтады.
Қазір PayPal аталған алаяқтық есептік жазбаны тоқтатқанын айтты.
PayPal-ды қайырымдылық қаражатын қабылдау үшін пайдаланатын адамдардың басым көпшілігі ең жақсы ниеттегі адамдарға қарамастан басқалардың қайырымдылығы мен жомарттығын пайдалануға тырысатындар сөзсіз болады. PayPal командалары әрдайым мұқият тексеріп, күмәнді шоттарды бұғаттау үшін көп жұмыс істейді, әсіресе Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі сияқты оқиғаларында қайырымдылық жасауда негізгі мақсатқа жету үшін бәрін жасайды,
делінген компания хабарламасында.
Өз кезегінде «Қазақстанның қаржылық мәдениеті» қоғамдық қоры директорының орынбасары Нұркен Шардарбеков те Түркиядағы жағдайды пайдаланып кеткісі келетін алаяқтар саны күрт артуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Олар Instagram-да парақша ашып, ақшаны аударатын шоттарды жазуы мүмкін. Ал ақша алаяқтардың қалтасына түседі. Мұндай жағдайда көмек көрсетуге ниет білдірушілер тек ресми ұйымдарға хабарласуы керек. Желіде қоғамдық ұйымдардың, қайырымдылық қорлардың нөмірін табуға болады. Түркияға деп интернеттегі белгісіз парақшалардың мәліметтері бойынша ақша жинау жөн деп санамаймыз,
деді Нұркен Шардарбеков.