Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қажылыққа алданып барғандар туралы дәстүрлі брифингте айтты.
Джидда қаласындағы Қазақстанның бас консулдығына біздің азаматтардан қоңырау келіп түсті. Олар елде қажылыққа сәйкес келмейтін визамен келген. Туристік визамен қажылық жасауға рұқсат берілмейді. Бас консул полиция учаскесіне барып, олардың босатылуына септігін тигізді. Кейбір деректер бойынша, турагенттік Сауд Арабиясына туристік визасы бар 300- ден астам адам апарған.
Барлық қажының санын анықтау мүмкін болмай отыр. Себебі 100-ден астам қажыны полиция учаскесінен босатқанда бірнеше автобус қаланың әр бөлігіндегі қонақүйлерге апарған. Консул бірінші автобустың артынан барып, қонақүйде азаматтарға әрі қарай қажылық жасаудың қажеттілігі жоқ екенін түсіндірді.
Кейбір азамат елге келіп, құқықтық алаңда арыз жазып, заңгерлерге жүгініп жатыр. Ал кейбір қазақстандық автобустан жолда түсіп қалып, белгісіз жаққа бет алған. Мүмкін, қажылық жасап жатқан болар. Сауд Арабиясы билігі Қазақстанға қажылық жасауға квота бөлінеді. Егер одан асып кетсе, ешкім қажылық жасай алмайды.
Туроператордың өкілі ешқайда қашпаған. Ол Сауд Арабиясындағы адамдардың елге оралуына көмек көрсетіп жатыр екен. Олардың басым бөлігі елге 5 шілде келеді. Одан кейін туроператормен мәселені заң тұрғысында шеше алады.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде 120 адамның қажылыққа барып, далада қалғаны туралы ақпарат тарады. Олар жалған құжатпен келгені үшін полиция қамауға алған. Сапарды ұйымдастырған «Zam-Zam Qazaqstan» туристік компаниясы.