Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің бүгін әкім ретіндегі қызметтік мерзімі аяқталды. Ғаламторда “оның орнына кім келеді?” деген сұраққа бас қатырып жатқандар көп.
Бүгін – Даниал Ахметовтің туған күні. Сонымен қатар, 69 жасқа келіп жатқан шенеуніктің әкім ретіндегі мерзімі аяқталған күн. Ғаламторда “ШҚО әкімі енді кім болады?” – деген сұраққа болжам айтып жатқандар көп. Желі қолданушыларының бір бөлігі оны өз орнында қалады десе, келесілері қызметінен кетсін деп ұран тастаған.
Ал ертең мәслихат депутаттары ШҚО әкімін таңдау үшін жиналыс өткізеді. Жиналыста депутаттар Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындауға келісім береді екен.
Даниал Ахметов бұл қызметке 2014 жылдың 11 қарашасында тағайындалған.
Аман тұрғанда кетсей аға ау…тықыр таянбай тұрғанда.
Дамыған ел болып әділетті тәуелсіз сот жүйесі болғанда биліктегілердің 80% сотталып кететін еді.
Жүрегінде иманы бар, туған жердің азаматы әкім болуы керек. Шығыстың тумасы. Қазақша таза сөйлейтін. Елін, жерін ойлайтын ер азамат болуы шарт!
Демалсын онда, 63 жастан бастап куу керек қой. Аудандарда қаншама еңбек демалысына шыққандар әкімшіліктің ішінде. 15 жыл бір орында отырған мекеме басшылары бәрін тазарту керек. Жастар келсін, орта буын замандастарымыз келсін,
деп жазды желі қолданушылары.