«Ойбай, экономика «Ескі Қазақстанның» қолында. Мына қымбатшылық пен дефицит солардың екінші қаңтарды ұйымдастыру ойыны. Тоқаев әйтпесе жасағысы-ақ келіп жүр деген ертегі аяқталды», дейді Серік Хасенов.
- Ресейге еңкейіп тұр едік,
- «Жаңа Қазақстан» деген ертегі қаһармандары билікке келгелі Ресейге тоңқайып қалдық.
ЕуроОдақ Ресеймен сыбайлас болғаны үшін Қазақстанға санкция салатын болды.
Алдағы жылдары болатын қымбатшылық пен жоқшылықтың кесірі, қазіргі биліктің Ресейден алыстамауының кесірі. Бұл ешқандай да ертегідегі «Ескі Қазақстанның» ойыны емес.
Бірақ жаңа ертегі айтыла бастайды ертеңнен бастап.
Биыл ескерткіштер көптеп ашылып, тұлғалардың мерейтойы көптеп аталатын болады. Елді дарынсыз басшылар билегенде халықты тоймен басқарады. Басқа жол мен идеяны білмейді олар.
Соған халық болып, мәз болып айғайларына айтақ қосамыз. Сосын ел неге дамымайды дейміз. Манипуляция мен пропаганданың құрбаны болмауды үйренгенде ғана дұрыс өмір сүруге жол ашылады елімізде.
Солай…