Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңделмеген балықты шетелге шығаруға шектеу қою мүмкіндігін қарастыруға тапсырма берді.
Бүгін Атырау облысына жұмыс сапарымен барған президент өңірдің балық шаруашылығына ерекше тоқталды.
Осы жердің ауланған балығы Ресей, Әзербайжан, Израиль сияқты елдерге экспортталып жатыр. Көбіне мұздатылған, өңделмеген шикі балық жіберіледі,
деді Тоқаев жергілікті халықпен болған кездесуде.
Оның айтуынша, бүгінде дайын өнім экспортын ұлғайтуға мол мүмкіндік бар. Бұған облыстағы балық кәсіпорындарының шамасы да жетеді.
Олардың жұмысын халықаралық сапа стандартына сәйкес келтіру керек. Сондықтан, қазіргі жағдайды ескере отырып, өңделмеген балықты шетелге шығаруға шектеу қою мүмкіндігін қарастыру қажет деп санаймын,
дейді Тоқаев.