Енді кластар дене шынықтыру пәнінде екіге бөлінбейді, сол себепті көптеген мұғалім жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы Informburo.kz порталы жазды.
Қазақстанда мыңдаған дене шынықтыру пәні мұғаліміне жұмыстан шығу қаупі төніп тұр. Бұған Білім министрінің мемлекеттік білім стандарттары туралы бұйрығының өзгеруі себеп болды. Бұл туралы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қазақстандағы филиалы хабарлады.
Енді класты дене тәрбиесі пәні кезінде екі топқа бөлуге болмайды. Бұл жұмыс істеп жатқан педагогтар санының қысқаруына әкеледі. Дене тәрбиесінен беретін мыңдаған мұғалім жұмыссыз қалатын түрі бар,
делінген хабарламада.
Кәсіподақ мұндай шешімді күтпеді: 2022 жылғы мамырда Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық мектептерде дене шынықтыру және технология бойынша гендерлік негізде бөлек оқыту енгізіледі деп сендірді.
Кәсіподақ Оқу-ағарту министрлігіне жағдайды тезірек шешу туралы ұсыныс жолдады. Қызметкерлер құқығын қорғаудың заңда көзделген басқа түрлеріне жүгінбейміз деп үміттенеміз,
делінген хабарламада.