Categories: Денсаулық

«Денсаулықтың жауы». Қазақтың ұлттық тағамдарында қант болмаған — Төрегелді Шарманов

Профессор, ғалым Төрегелді Шарманов бие сүтінің қасиеті мен құрамы осы уақытқа дейін өзінің лайықты бағасын алмай келеді деп мәлімдеді. Оның сүтін қымыз, не саумал түрінде ғана пайдалану жеткіліксіз.

«Бие сүті асты жеңіл қорытады. Бие сүтіндегі май қанықпаған. Трансизомер жоқ. Ол қазіргі заманда адам денсаулығына өте ерекше пайдалы. Жалпы алғанда, бие сүтінің қасиеті мен құрамы осы уақытқа дейін өзінің лайықты бағасын алмай келеді. Бүгінге дейін бие сүті тек қымыз, саумал ретінде пайдаланылуда. Оның құрамы көптеген сирек кездесетін химиялық элементтерге, дәрумендерге, минералдық заттектер мен ферменттерге бай және олардың айрықша физиологиялық бірігуімен берілген. Пайдалы элементтердің осындай ерекше бірігуі табиғатта басқа жануарлардың сүтінде кездеспейтін, тек бие сүтіне ғана тән құбылыс”,

Айтуынша, бие сүтіндегі бромның мөлшері ұйқысыздық, депрессия секілді жүйке жүйесі ауруларын кешенді емдеуде қолдануға болады. Бие сүтінің тағы бір ерекшелігі, ол қайнатуға келмейді, оған стерилизация, пастерилизация жасауға болмайды. Ал басқа жануарлардың сүттерін, мысалы, сиыр, ешкі, қой сүттерін міндетті түрде қайнату, пастерилизациялау қажет.

Бие сүтінде керемет гамма линолен деген қышқыл бар. Бұл керемет дүние, оның құрамы «омега-6-дан» тұрады. Ол атеросклерозға, бактериялар мен вирустарға қарсы әрекет етуіне байланысты жұқпалы аурулардан қорғайды, ағза үшін иммунитетті арттыратын қорғаныстық қасиеттері басым,

деп мәлімдеді Шарманов.

Профессор бие сүтінде лактозаның мөлшері 1,5 есе көп болғандықтан, одан жасалған өнімдердің ұнамды тәттілеу дәмі бар дейді. Сондай-ақ, бие сүті – құрамында зиянды трансмай қышқылдары болмайтын, табиғатта кездесетін жалғыз сүт көзі. Салыстыру үшін: сиыр сүтінде 8 пайызға дейін трансмай қышқылдары кездеседі. Ал сұйық майды технологиялық өңдеу барысында аталған зиянды трансмай қышқылдары түзіледі.

Сонымен қатар, бие сүтінің ақуыздары нәзік альбуминді тектес келеді, бұл дегеніміз оның сиыр сүтіне қарағанда (оның ақуыздары – казеинді тектес – ауырлау) жеңіл сіңімділігін көрсетеді.

Сондай-ақ, ғалымның айтуынша, әлемдегі барлық өлім-жітім санының 60 пайызы дұрыс тамақтанбауға байланысты. «Дұрыс тамақтану арқылы көптеген аурулардың барысын жеңілдетіп, асқынуына шек қойып, жаңа жағдайлардың туындауына жол бермеуге болады. Бұл орайда салауатты тамақтану өнімдерінің маңызы зор» дей келе, профессор қанттың зияндылығына тоқталды. Оның айтуынша, қазақтар қантсыз да тамаша өмір сүрген.

Бірақ, осы салауатты өнімдер туралы қалыптасқан түсінігіміз қаншалықты орынды? Мысалы, қант қосылған сүт өнімдерін – түрлі йогурттерді қалыптасқан дағдымызға сай балаларға ұсынған кезде олардың денсаулығына қаншалықты пайда немесе зиян әкелетіндігі туралы ойлана бермейміз. Сондықтан, осы «тәтті» қанттың «ащы» зардабын татамыз. Жалпы, «тәтті» деген түсінікті қанттың дәмінен ажырату қажет, себебі, қант – зиянды және уытты заттек, химия өнеркәсібі заманының жанама әсері мол, жасанды туындысы. Демек, «қант – халық денсаулығының жауы» деп айтуға толық негіз бар. Бұрынғы заманда қазақтар құртты, ірімшікті қант қоспай әзірлеген ғой, қазақтың дәстүрлі ұлттық тағам өнімінде қант болмаған,

деп мәлімдеді профессор.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

9 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago