Әлемдік логистикадағы хаос пен әлемнің өзекті төрт мәселесі. 20 қыркүйек

Әлемдік БАҚ не деп жазады?

Теңіз көлігі өзектілігін жоғалтты

The Wall Street Journal хабарлауынша, логистика әлемдік инфляцияның жағдайын ушықтырды. Контейнерлік тасымалдау операторлары теңіз көлігінен бас тартып, қымбатына – әуе арқылы тасымалдау түріне ауысып жатыр. Бұл ретте теңіз сауда алыптары да жүк ұшақтарын сыйғыза алатын ірі серіктестер іздестіріп жатыр.

Пандемия салдарынан әлем онлайн сатып алуға көшті. Кейінірек шегерілген сұраныс бірден өсті, артынан Украинада соғыс басталып кетті. Мұның бәрі теңіз тасымалы жүйесін қалпына келтірді. Жұмысшылар мен жабдықтардың жетіспеушілігі жеткізілімді одан әрі бәсеңдетті. Кей жерлерде контейнерлер бос жатса, әлемнің басқа жағында олар тапшы болды.

Нәтижесінде тауарлардың басым бөлігі әуе тасымалымен жіберілді. Ал соңында тұтынушыға ол қымбат түсіп отыр.

Форс-мажор режиміндегі саясат

Bloomberg мәліметінше, Сингапурдың Орталық Банкінің басшысы Рави Менон әлемдік экономика төрт негізгі мәселеге тап болғанын айтты.

Экономиканың құлдырауынан бөлек, әлем инфляция әкелген белгісіздікпен, геосаясаттың нарыққа кері әсерімен, өндірушілер мен инвесторлардың тәуекелдерімен бетпе-бет кездесті.

Банкирдің айтуынша қауіп-қатер көп. Сол себепті тиісті және стратегиялық шаралардың қабылдануы екі талай. Үкімет келесі жылы қиындыққа тап болады, яғни бір сәтте шешім қабылдауға кіріседі.

Энергетиктер жаңа клиенттерден бас тартып отыр

The Guardian хабарлауынша, энергетика саласындағы мемлекеттік реттеуші Ofgem компаниясы шілде айында арнайы бағдарламаның іске қосылуын жарнамалаған. Бұл қосымша арқылы кез келген тұтынушы онлайн режимде электр энергиясын жеткізуші компанияларын еркін ауыстыра алады.

Негізгі мақсат — энергетика саласындағы бәсекелестік деңгейін арттырып, тарифтерді төмендетуге қол жеткізу. Алайда, «Үлкен бестіктің» британдық компаниялары онлайн өтінімдерге сұраныстың төмендегенін алға тартып, бұрынғы жеткізушілермен қарым-қатынасты үзбеген дұрыс дейді.

British Gas басылымына хабарлағандай, бұл мемлекеттік реттеушінің ұсыныстары. Бәсекелестік жоқ, барлық компаниялардың жалғыз қол жетімді тарифі — Оfgem белгілеген міндетті баға шегі.

Реттеуші British Gas жариялаған мәліметті жоққа шығарды. Онда клиенттер тұрақтылықтан бас тартсын делінген. «Шындығында, жеткізуші компаниялар жаңа клиенттерден бас тартпау керек»,- деді реттеуші өкілі.

The Guardian өзінің мақаласын дәлелдеген соң, өкіл «Біз жағдайды қарастырамыз, егер жеткізуші компаниялар расымен жаңа клиенттерден бас тартса, олар жауапқа тартылады», — деп қосты.

Әлеуметтік желідегі сөз бостандығы

Fox news жазуынша, әлеуметтік желіде пікір білдіру құқығы шектелуі мүмкін. Федералды апелляциялық сот Техастың әлеуметтік медиа цензурасын шектеуге бағытталған заңын қолдады. Twitter мен Facebook-ті сөз бостандығын шектеді деп айыптау мәселесі Жоғарғы сотта шешімін табуы мүмкін.

Федералды судья Эндрю С. Олдхэмның пікірінше, корпорациялар адамдардың аузын жабу саясатын қолданып, оларды сөз бостандығынан шектеуді қолдайтындары таң қалдырып отыр.

Бүгін біз корпорациялардың бірінші түзетуге сәйкес адамдардың айтқандарын цензураға айналдыру идеясын қабылдамаймыз,

деді судья Олдхэм.

Байден, сен қателестің

New York Times жазуынша, президент жексенбі күні берген сұқбатында Covid-19 пандемиясының аяқталғанын айтқан еді. Артынша Джо Байден үлкен сынға ұшырады.

Шын мәнінде, ресми статистикаға сәйкес, АҚШ-та күн сайын коронавирустан 400-ге жуық адам қайтыс болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago